1) Қарау режімі. Бұл режімде оқытушы программа оқу материалының
барлық көлемін қарауды қамтамасыз етеді. Мұнда
сіз жаттығу жасамайсыз және сұраққа жауап
бермейсіз.
2) Тестілеу режімі. Бұл режімде оқытушы программа оқу
материалының барлық көлемі бойынша тестілеуді қамтамасыз
етеді. Мұнда тестілеу біткен соң сіз өзіңіздің нәтижеңіз
туралы мәлімет алуыңызға болады.
3) Оқытуды бастау режімі. Бұл режімде оқытушы программа оқу
траекториясын таңдауды қамтамасыз етеді. Мұнда ағымдағы
сабақтың теориялық материалын оқып болған соң,
жаттығу жасау және сұраққа жауап беру қажет
болады. Егер дұрыс жауаптардың саны жеткіліксіз болса, онда сіз
траекториядағы келесі сабаққа көше алмайсыз да, ағымдағы
сабақты оқуды жалғастырасыз.
4) Оқытуды жалғастыру режімі. Бұл режімде оқытушы программа таңдап
алынған траектория бойынша оқытуды жалғастыруды қамтамасыз
етеді. Мұнда оқу үрдісі 3) тармақтағыдай болады,
тек ол бұрынғы үзілген жерден кейінгі сабақтан
басталады.